Орталық Африкада үш ресейлік журналистті өлтіріп кетті

Хабар 24
Белгісіз қарулы адамдар тобы шабуыл жасаған.

РФ СІМ Орталық Африка Республикасында журналисттік құжаттары бар үш Ресей азаматының қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Хабар 24.

31 шілдеде Орталық Африка Республикасында үш журналисттің қаза тапқаны белгілі болды. Сибю қаласына жақын маңда белгісіз қарулы адамдар тобы шабуыл жасап, ресейлік журналист Орхан Джемаль, оператор Кирилл Радченко мен режиссер Александр Расторгуевты өлтірген.

«Орталық Африка Республикасынан түсіп жатқан ақпарат бойынша, 30 шілдеде Сибю қаласына жақын маңда (ОАР астанасынан солтүстікке қарай 300 км - Банги қ.) Кирилл Радченко, Александр Расторгуев және Орхан Джемаль есімдеріне берілген тек журналистік құжаттары ғана бар үш адам қаза тапты», – деп хабарлады РФ СІМ.

Ведомствода аталып өтілгендей, Ресей дипломатиялық миссия қызметкерлері жергілікті құқық қорғау органдары мен үкіметтік құрылымдармен тығыз байланыс жасап, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. «ОАР-дағы Ресей елшілігі өкінішке орай, елдің аумағына ресейлік журналисттердің келгені туралы білмеген», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды