Қазақстан мен Ресей бірлесіп аса ауыр салмақтағы зымыран әзірлемек

Baq.kz
Қазақстан Ресеймен бірлесе отырып, кіші спутниктерге жөнелту үшін жеңіл зымыран жасамақ.

Қазақстан Ресеймен аса ауыр салмақтағы зымыранды бірге әзірлейді. Екі жақ жобаны Байқоңыр ғарыш айлағында ынтымақтастық концепциясы аясында жасайды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Қазғарыштың хабарлауынша, Байқоңыр кешенінде қабылданған ынтымақтастық концепциясына сәйкес, Қазақстан мен Ресейдің бірлескен ғарыштық жобаларының негізгі бағыты ретінде аса ауыр салмақ санаттағы ғарыштық зымыран кешенін салу жоспарланды.

Бұдан басқа, Қазақстан Ресеймен бірлесе отырып, кіші спутниктерге жөнелту үшін жеңіл зымыран жасамақ, сонымен қатар Байқоңырда кешенді зымыран техника өндірісін бағыттамақ.

Қазір Ресейде аса ауыр зымыран әзірленіп жатыр. 2019 жылдың соңына қарай кешеннің жобалық эскизі дайын болу керек, ал зымыран 2028 жылы ұшады деп жоспарланды. Кейін зымыран ғарыштық ұшуларға, мәселен Ай мен Марсқа баруда пайдаланылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды