"Ағайынды төртеудің" серкесі Еркін Ізбасар 12 жылға сотталды

today.kz
Сотталушы орындығынан 26 адам табылды.

"Ағайынды төртеу" атымен танылған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасар 12 жылға сотталды. Атышулы істің нүктесін Ақтөбе облысы қылмыстық істер бойынша халықаралық соты қойды, деп хабарлайды Today.kz.

Сотталушы орындығынан 26 адам табылды. Еркін Ізбасардың сыбайласы Қалиев мүлкінің тәркіленуімен 11 жылға сотталды.

Ақтөбе облысы ІІД басшысының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов мүлкінің тәркіленуімен 5 жыл, 3 айға абақтыға кесілді.

Ақтөбе облысындағы мұнай ұрлығы

Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын.

Қылмыстық топ 2014-2016 жылдары аралығында мұнай ұрлап, жалған құжат жасатып, сатумен айналысқан. Сонымен қатар, заңсыз қару сақтаған.

Ізбасаров аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырған. Ұрланған мұнай көлемі –мыңдаған тонна.

Айта кетейік, сот отырыстарының бірінде Еркін Ізбасардың 1 жыл бойы далаға шықпағаны, жуынбағаны туралы айтылды.

Еркін Ізбасар бес баласының туған жылдарын ұмытып қалған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды