Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

24.kz
Түнде және таңертең солтүстігінде кей жерлерде тұман күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде найзағаймен бірге жаңбыр жауады, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл болады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады.

Қызылорда, кей жерлерінде Түркістан, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды