Мысырлық шипажайда туристі өлтірген акуланы іздеуде

Baq.kz
Чехиялық турист аквалангпен жүзу кезінде жағалаудан 20 километр қашықтықта акулаға жем болған.

Бірнеше қайықта отыратын сегіз адам теңіздегі акулалардың белсенділігін бақылайтын болады, деп хабарлайды Baq.kz.

Чихиялық турист акуланың құрбаны болғаннан кейін Мысырдағы экология министрлігі Марса Алам шипажайы маңындағы жағалауға арнайы бақылайтын топ құруды тапсырды. Бұл туралы Extra News телеарнасында қала басшысы Атеф Вегди айтты.

Шенеуніктің айтуынша, экология министрлігі бірнеше қайық пен сегіз адамнан құралған арнайы топқа теңіздегі акулалардың белсенділігін бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, жағалау мен теңізге бейнебақылау камералары орнатылды.

Болған оқиғаға қатысты құрылған комиссия мүшелері туристке шабуыл жасаған қай акула екенін әзірге анықтай алған жоқ.

Еске сала кетсек, чехиялық турист аквалангпен жүзу кезінде жағалаудан 20 километр қашықтықта акулаға жем болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды