Қазақстандықтардың саны 18,27 миллионға жетті

turkystan.kz
Жарты жылда табиғи өсім 125,9 мың адамды құраса, елімізден 10,8 мың адам басқа елге қоныс аударды.

1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 18,27 миллион адамды құрады. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 115,1 мың адамға артық, деп хабарлайды Baq.kz.

Жарты жылда табиғи өсім 125,9 мың адамды құраса, елімізден 10,8 мың адам басқа елге қоныс аударды.

Осы ретте, 2020 жылға дейін елімізді дамытуға арналған бағдарламалардың нәтижесі көзге ұрып тұр деуге болады.

Сонымен, жыл басынан бері қала халқының саны 1% немесе 105,5 мың адамға артып, 10,53 миллионды құрады. Сондай-ақ, ауыл халқының саныда алғашқы жарты жылдықта 0,1%-ға көбейіп, 7,74 миллион адамды құрады.

Дегенменде, ауыл тұрғындарының саны жыл санап азайып келеді.

Сонымен, жыл басында ауыл тұрғындарының саны жалпы халық санының 42,6% құрады, ал осыдан бір жыл бұрын ол 42,8%, бес жыл бұрын 45,1%, он жыл бұрын 46,9% көрсеткен болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды