Қазақстандықтар шетелде мемлекет қаражаты есебінен емделуде

ҚазАқпарат
Шетелдік мамандардың мастер-кластары аясында емделуге 122 науқас кезекте тұр, соның 40-ы балалар.

58 қазақстандық мемлекет қаржысы есебінен шетелде емделуге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«2017 жылы шетелде емделуге 45 науқасты жібердік, 24 науқас бюджет қаражаты есебінен шетелдік мамандардың қатысуымен өткізілген шеберлік сабақтары аясында емделді. 2018 жылғы 6 тамыздағы жағдай бойынша, 58 науқас емделу үшін шетелге жіберілді, соның 27-сі шетелдік емханаларда ем-домын жалғастырып жатыр, тағы тоғызы шақырту күтіп отыр», - делінген министрліктің ҚазАқпараттың ресми сауалына берген жауабында.

Бұдан бөлек, шетелде емделуге мұқтаж 18 балаға шетелдік мамандардың шеберлік сыныптары аясында отандық емханаларда медициналық көмек көрсетілді. Тағы төрт бала «Милосердия» ерікті қоғамының қаржысына шетелде емделуге жіберілген.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, шетелдік мамандардың мастер-кластары аясында емделуге 122 науқас кезекте тұр, соның 40-ы балалар. Оларға 2018 жылдың екінші жартысында көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, Қазақстан азаматтарын емделу үшін шетелге жіберу Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы «ҚР азаматтарын бюджет қаражаттары есебінен шетелде емделуге жіберуді бекіту туралы» бұйрығының негізінде іске асырылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды