Путин Ким Чен Ынға жуырда кездесуді ұсынды

Baq.kz
Путин Ким Чен Ынға Кореяның Жапония мемлекетінен бостандыққа шыққанына 73 жыл толуына орай құттықтау хат жолдаған болатын.

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға жолдаған телеграм хабарламасында кездесуге дайын екенін растады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Бұл туралы солтүстіккореялық ЦТАК ақпарат агенттігі жазды.

«Мен жақын арада екіжақты қатынастардың артқа шегеруге келмейтін мәселелері мен маңызды аймақтық сұрақтарды талқылау үшін Сізбен кездесуге дайын екенімді растаймын», - делінген Путиннің Кимге жолдаған хабарламасында.

Айта кетсек, Путин Ким Чен Ынға Кореяның Жапония мемлекетінен бостандыққа шыққанына 73 жыл толуына орай құттықтау хат жолдаған болатын.

«Мен ортақ: Ресей, КХДР және Корея Республикасы әрекеттерін үшжақты жобаларды жүзеге асырудан бастап одан әрі ынтымақтастық қатынасымызды дамыта алатынымызға сенімдімін», - деп қосты Путин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды