Бүгін республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады

khabar.kz
Орталықта және шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Елімізде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және екпінді жел тұрады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің солтүстігі, орталығы және шығысының кей жерлерінде тұман түседі. Тек республиканың батысында күн райы ашық.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі жоғары екені болжанады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды