Дінтанушы Ерсін Әміре: Арақсыз өтсе де, би болған той халалға жатпайды

Stan.kz
Дінтанушының айтуынша тойда музыканың болуы, бөтен ер мен әйелдің араласып билеуі дінге жат.

Елімізге белгілі уағызшы, дінтанушы Ерсін Әміре қазіргі арақсыз өтетін тойдың бәрі бірдей халал емес деген пікір айтты. Ол тойдың толық халал өтуі үшін қандай болу керек екенін түсіндірді, деп жазады Stan.kz.

Дінтанушының айтуынша тойда музыканың болуы, бөтен ер мен әйелдің араласып билеуі дінге жат.

“Бүгінде көп адам тойды арақсыз өткізуде. Алайда жын-ойнақ би қойылып, музыка ойнатылады. Ер мен әйел араласып билейді. Бұл тұрғыдан алғанда тойды толық халал деуге келмейді. Исламда селкілдеп билейтін музыкаға рұқсат етілмейді. Егер жақсы нәрсеге тәрбиелейтін болса, ән дінді насихаттатын болса тыңдауға болады”, – дейді Ерсін Әміре.

Айтуынша, тойға биші қыздарды шақырудың да дінге жат екенін айтты.

“Кейде той иесі биші қыздарды шақырады. Ол дұрыс емес. Той халал өтуі үшін шарғаттың талабы толық сақталуы керек. Қазіргі тойларды жартылай халал, не үштен біріне халал деуге келетін шығар”, – дейді дінтанушы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды