Сауд Арабиясында әзілдеген адамдар жауапқа тартылады

ustinka.kz
Кінәлі деп танылғандар 295 935 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді.

Сауд Арабиясында діни тақырыптарға әзіл айтқан адамдар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылмақ. Бұл туралы корольдіктің Twitter желісіндегі парақшасында жазылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әлеуметтік желіде қоғам тәртібіне, моральдық құндылықтар мен дінге қатысты әзіл айтқандардың әрекеті киберқылмыс болып саналмақ", — делінген хабарламада.

Кінәлі деп танылғандар 5 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылады немесе үш миллион риал көлемінде айыппұл төлейді. Бұл шамамен 295 935 миллион теңге.

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылы королдіктің діни полициясына тіл тигізген Раиф Бадави есімді азаматты соттап, 10 жыл көлемінде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды