Үш жыл бұрын жоғалған атыраулық азамат Қапшағайдағы казинодан табылды

Stan.kz
Жоғалған жігіт казиноның бірінде аспаз болып жұмыс істеген.

Алматылық полицейлер үш жыл бойы іздеуде болған жігітті тапты. Ол Қапшағай қаласындағы казинодан табылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Жоғалған жігіт казиноның бірінде аспаз болып жұмыс істеген. Жақындарымен ұрысып қалған соң, үйінен кетіп, сол күйі хабарласпаған. Анасы арыз жазып, үш жылдан бері іздеуде болды.

Жас жігіт 2014 жылдың соңында үйінен кеткен. Өз бетінше өмір сүрмек болып, Алматыға аттанған. Жігіттің табылғаны туралы ақпарат Атырау облысына жіберілді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде полицейлер 200-ге жуық жоғалған адамды іздеп тапты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды