Түркияда қалған сәбиді алып келуге ата-анасы ұшып кетті

ҚазАқпарат
Олар бірден клиникага барады.

Түркияда қалған сәбиге жеңіл ота жасалды. Васильевтер отбасы 2 айлық нәрестелеріне Түркияға ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, бөбектің ата-анасы Түркия уақытымен сағат 11.30-да Анкарада болуы тиіс.

«Олар бірден клиникага барады. Әзірше түркиялық дәрігерлерден консилиум шешімі туралы хабар жоқ. Санавиация бортын дәрігерлердің сұрауымен жөнелтеміз. Жағдай сағат сайын өзгеруде. Біздің консулымыз клиникамен тығыз байланыста. Кеше «Полинаға» жеңіл ота жасалды. Сондықтан оны палатадан шала туған балаларға арналған жансақтау бөліміне ауыстырды», - деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Васильевтер отбасы аман есен-елге оралуы үшін ведомство бар мүмкіндікті жасауда.

Еске сала кетсек, Дарья Васильева Түркияда мерзімінен бұрын босанып қалған. Ол салмағы 750 грамм болып туған қызын ақылы клиниканың қызметін төлейтін ақшасы болмағандықтан сонда қалдырып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды