Бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

baribar.kz
Еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Бүгін республика аумағының басым бөлігінде антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Ал солтүстік өңірдің кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде жел тұрып, күндіз жылдамдығы 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Күндіз Атырау облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, күндіз Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысында, түнде және таңертең Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды