Қыздарыңды дайындаңдар: Байзақова ұл бала күтіп жүргенін мәлімдеді

brod.kz
Есепке тұрған алғашқы күннен бастап-ақ, достарым ұл күтіп жүргенімді сенімділікпен айтты - Байзақова.

Жақында ғана жеке өміріндегі жағымды жаңалығымен бөліскен Айжан Байзақова болашақ сәбиі туралы сыр шертті. Ол ұл бала күтіп жүргенін айтып, қыз тәрбиелеп отырған аналарды “қорқытты”, деп жазады Stan.kz.

“Есепке тұрған алғашқы күннен бастап-ақ, достарым ұл күтіп жүргенімді сенімділікпен айтты. Сенің мінезің де сондай, кішкентай бұзақы болар деді. Қай аптада екені есімде жоқ, узиге бардым. Иә, расымен де ол бетін жауып, мүшесін көрсетті. Қыздарыңды дайындаңдар”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Желі қолданушылары әдетте ұл бала дүниеге анасын қорғау үшін келетінін атап өткен.

“Әлсіз әйелдер ұл туады, ер бала бұл әлемге анасын қорғау үшін келеді. Айжан сырт көзге мықты көрінгенімен, іштей басқа адам. Саған да, балапаныңа да бақыт тілеймін. Енді сен үшін жаңа өмір басталады. Өзіңе абай бол”, – деп пікір білдірді оқырмандардың бірі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды