Бүгін кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады

sputniknews.kz
Ауа райы тұрақсыз болады.

17 қазанда еліміздің көп бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Соған байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады, тек оңтүстік-шығыста күн ашық болады. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ байқалады.

Aқмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді, кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Қостанай облысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні кей жерде 23 м/с болады, кей жерде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с болады, түнде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Aтырау облысының кей жерінде жел 15-20 м/с болады, түнде және таңертең тұман түседі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел жылдамдығы 17-22 м/с дейін жетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды