Ресейде колледжде жарылыс болды

Baq.kz
Қазір оқиға орнында дәрігерлер мен куәгерлер жұмыс істеп жатыр.

РФ Қырым Республикасының Керчь қаласындағы колледжде жарылыс болды, деп хабарлайды baq.kz.

"Керчь политехникалық колледжінде газ жарылған. Алдын ала тараған мәліметтерге қарағанда, 10 адам қаза тауып, 50-ге жуық тұрғын зардап шеккен", - деп жазады РИА Новости.

Жергілікті Керчь.ФМ басылымы ресми ақпарат таратты.

Керчь.ФМ редакциясына қалалық тұрғындар хабарласып, металлургиялық техникумда қолдарына қару ұстаған азамат бар екенін айтқан. Колледжге жедел жәрдем, ТЖМ өкілдері барған. Керчь.ФМ тілшісі техникумда жарылыс болғанын растады.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс күндіз сағат 12.00-ге қарай болған. Қазір оқиға орнында дәрігерлер мен куәгерлер жұмыс істеп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды