Түркістан облысында 44 жастағы әйел жас жігітті алдап күйеуге шығып алмақшы болған

sn.kz
44 жастағы әйел 29-дағы жігітке тұрмысқа шықпақшы болған.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 44 жастағы әйел жас жігітті алдап, оған күйеуге шығып алмақшы болған. Бұл ақпарат әлеуметтік желілер арқылы тарауда, деп жазады Sn.kz.

Видео авторының айтуынша, 44 жастағы әйел 29-дағы жігітке тұрмысқа шықпақшы болған. Ол жігітпен кездескеннен бастап өзін 34 жастамын деп таныстырыпты. Алайда, тура беташар күні әйелдің шын жасы белгілі болып қалған.

«1988 жылғы жігіт бір әйелмен танысқан екен. Екеуі кездесіп жүріп, үйленбекші болыпты. Әйел осы уақытқа дейін өзін 1984 жылғымын деп жігітті алдап келген. Сөйтіп жігіт үйленбекші болып, әйелді ауылына әкеліпті. Бірақ тура беташар күні жігіттің анасы болашақ келінінің сөмкесін ашып жатқанда, жеке куәлігінен оның шын мәнінде 1974 жылғы екенін көріп қойған. Ата-аналар мұндай алаяқ әйелдерден сақтаныңыздар», – дейді автор.

Өз кезегінде желі қолданушылары бұл оқиғаның Түркістан облысында болғанына шүбә келтіруде. Өйткені оңтүстік жақта табалдырық аттағалы тұрған келіннің шыққан жері мен жасына қатты мән береді дейді олар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды