“Қайтыс болған” ер адам өзін жерлегеннен кейін үйіне қайтып келді

Stan.kz
Ер адамның қазасына қайғырып жүрген отбасы бір айдан кейін өлдіге санаған туысы қайтып келгенде естен танып қала жаздаған.

Канаданың Торонто қаласында полиция із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның туыстарына оның денесін тапсырып, артынша отбасы жерлеу рәсімін өткізген. Алайда мұнан кейін болған жағдай «марқұмның» отбасы мүшелерін қайран қалдырды, деп жазады Stan.kz.

Ер адамның қазасына қайғырып жүрген отбасы бір айдан кейін өлдіге санаған туысы қайтып келгенде естен танып қала жаздаған.

Артынша анықталғандай, отбасы бұған дейін жерлеген адамның оларға еш қатысы болмаған.

Олар жерлеу рәсімінде «Пиано профессоры» атанып кеткен канадалық музыкант Скот Кашниді жер қойнына тапсырған болуы мүмкін. Тамыз айында көзі көрмей қалған 80 жастағы пианист үйінен шығып кетіп, сол күйі жоғалып кеткен. Ол көшеде құлап қалып, ауруханаға түсіп, сол жерде қайтыс болған.

Сурет: ВВС

Полиция қызметкерлерінің пікірінше, сол күні отбасы Кашниді жерлеген. Себебі мәйітпен бірге музыканттың пәтерінің кілті болған.

Ендігі жағдайдың мән-жайын анықтау үшін, жерленген ер адамды қайта қазып алатын болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды