ҚР СІМ: Сирия бойынша кездесуге қатысушылардың барлығы Астанаға келді

inform.kz
Ресей делегациясын РФ Президентінің Сирия бойынша Арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастап келді.

Сирия бойынша 11-інші Халықаралық кездесудің барлық қатысушылары, соның ішінде кепілгер-мемлекеттер - Ресей, Түркия және Иран өкілдері Астанаға келіп жетті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей делегациясын РФ Президентінің Сирия бойынша Арнайы өкілі Александр Лаврентьев бастап келді. Түркия атынан елдің Сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал қатысады. Ирандық делегацияға елдің сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі Аға көмекшісі Хусейн Джабери Ансари жетекшілік етуде.

БҰҰ делегациясына БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша Арнайы өкілі Стаффан де Мистура басшылық жасауда.

Сондай-ақ, жоспарланғандай, кездесуге БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан және Қызыл крест Халықаралық комитетінен байқаушылар қатысады. Ахмад Аль-Тома бастаған Сирияның қарулы оппозициясы да Астанаға келді. Жекелеген делегациялар Қазақстанға кеше жетіп, өзара бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды