Назарбаев президенттің жалғыздығы туралы айтты

inform.kz
Президент кеңесшілері ұсыныс жасағанмен мойнына жауапкершілік алмайтынын атап өтті.

Президенттің Телерадиокешені архивтегі видеодан үзінді жариялады, онда Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысының жалғыздығы туралы айтқан, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

"Нағыз лидер болудың қиындығы сол, тек алға қарауың керек. Сен жетектегі адам емессің, жетекшісің. Қайда бастайтыныңды білуге тиіссің", — деді Назарбаев.

Президент "снаряд әкеліп беретін" көптеген кеңесшісі мен көмекшісі бар екенін атап өтті. Олар жазып, талдау жасағанмен ешқандай жауапкершілік алмайды.

"Міне, осылай да, осылай деп ұсыныс жасайды, бірақ шешімді сен қабылдауың керек, олар жазғандары үшін жауап бермейді. Президент шешім қабылдап, сол шешіміне жауап беруі тиіс. Осы жерде президенттің жалғыздығы сезіледі. Жалғыз өзің отырып, жұмыс істейсің", — деп түйіндеді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды