ШҚО-да орманда адасып кеткен ер адам 2 күн аязда қалған

bnews.kz
Шаңғы тебуге шыққан 50 жасар азамат құтқарылды.

Риддер маңындағы қалың орманда екі күн бұрын адасып кеткен 50 жастағы ШҚО тұрғыны құтқарылды, деп хабарлады Аltaynews.kz порталы.

Шаңғы тебемін деп шыққан азамат, қайтар жолда бағытынан жаңылып қалған.

"Орманнан шығар жол таппай қатты қалжыраған оның шырша түбінде отыра кеткеннен басқа амалы да қалмаған. Абырой болғанда адасып жүрген шаңғышыны маңайдағы омарташылар тауып алып, ыстық шәй берген", - дейді төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы.

Шығыс аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Валентин Титаренконың айтуынша, омарта Риддерден 25 шақырым қашықта. Жол жоқ. Адасқан шаңғышыны моторлы шанамен алып қайтуға тура келген.

Мәлім болған ақпараттарға сүйенсек, шаңғышы қазір емханада жатыр. Қол-аяғы, бет-аузы үсіген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды