Бас прокуратура қазақстандықтарды заңдылықты сақтауға шақырды

24.kz
Заңға қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдар қатаң жазаға тартылулары мүмкін.

Қазақстанның Бас прокуратурасы қазақстандықтарға тағы да үндеу жолдап, заңға қайшы әрекеттерге бармауды ескертіп отыр, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Еліміздің бақылаушы органы заңсыз митингілерді, шерулерді ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіндігін түсіндірген болатын.

- Осыған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында осындай акцияларды өткізуге арандатушылық ниеттегі шақырулар таратуын жалғастыруда. Құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде. Бас прокуратура заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан бас тартуға шақырып отыр, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Заңға қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдарға құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде қылмыстыққа дейінгі, ең қатаң жауаптылық шараларын қолданатын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды