Twitter Головкиннің аккаунтын бұғаттап тастады

DAZN
Бұған дейін Тайсон Фьюридің аккаунты да бұғатталған еді.

Twitter микроблог желісі орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің аккаунтын бұғаттады, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұғаттау себебі ретінде сервисті пайдалану ережелерінің бұзылуы аталады. Бірақ нақты қандай ереже бұзылғаны айтылмаған. Головкиннің командасы бұл жағдайға байланысты әлі ешқандай мәлімдеме жасамады.

Бұған дейін супер ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, британиялық боксшы Тайсон Фьюри де (27-0-1, 19 KO) осындай жағдайға тап болған. Оның Twitter-аккаунтына хакерлік шабуыл жасалып, бұғатталып қалған болатын. Оның аккаунты кейін қалпына келтірілген.

Головкиннің аккаунтына да хакерлік шабуыл жасалған болуы мүмкін.

Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізіп, бұған дейін жеңілмеген қарсыласы Стив Роллсты (19-1, 10 КО) төртінші раундта нокаутпен жеңді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды