Қостанайда жарылыс болып, жеті адам жараланды

ІІМ ТЖ комитеті
Газ бен электр қуатын беру уақытша тоқтатылды.

Қостанайда автокөлік жөндеу станциясында болған жарылыстан жеті адам жараланды, деп хабарлайды Zakon.kz ІІМ ТЖ комитетіне сілтеме жасап.

17 маусымда сағат шамамен 12:00-де Лермонтов көшесіндегі көлік жөндеу орталығында газбен жұмыс істейтін газ құралы жарылған. Жарылыстан екі қабатты ғимарат 90 пайызға құлап, одан кейін өрт шыққан.

– Жеті адам жарақат алды. Оқиға орнында шұғыл штаб құрылды. Газ бен электр қуатын беру уақытша тоқтатылды, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, оқиға орнынан тоғыз газ баллоны сыртқа шығарылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды