Күн енді ысиды: Қазақстанда астрономиялық жаз басталды

freepik.com
2019 жылғы 22-24 маусымға арналған болжам.

21 маусым күні астрономиялық жаз басталып, оған ауа райы да тиісінше болып тұр, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгодрометке сілтеме жасап.

Батыс және оңтүстік облыстарында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз және ыстық, күндіз термометрдің сынап бағанасы 32…39°С, кей жерлерде 40…43°С дейін жоғарылайды.

Басқа аймақтарда атмосфералық фронттар республиканың шығыс жартысы арқылы жылжығанымен, олардың әсері әлсірей бастайды. Сондықтан найзағаймен өткінші жаңбыр тек кей жерлерде болжанады.

Температура орташа көпжылдық мәннен төмен болжанғанымен, дүйсенбіде күндіз 23...28, кей жерлерде 30...35°С дейін жоғарылауы күтіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды