Кепілсіз кредиттер мен штрафтар кешіріледі – Тоқаев

Ақорда
Мемлекет басшысы Ұлттық банкке ендігәрі жағдайды мұндайға дейін жеткізбеуді тапсырды.

Қазақстандықтардың кепілсіз тұтынушылық несиелері, айыппұлдары мен өсімпұлдары кешіріледі, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Әлеуметтік тұрғыдан ауыр жағдайда қалғандар кредиттерін төлей алмай қиналуда. Халықтың қарыздары көбейіп, табыстары азаюда. 500 мыңға жуық азаматтарымыз несиелерін жаба алмай, қарызға батқан. Несиелердің 86 пайызының көлемі миллион теңгеге жетпейді. Халықтың орташа қарызы шамамен 200 мың теңге. Мен мемлекет басшысы ретінде бұған бей-жай қарай алмаймын, бір реттік акция ретінде үкіметке шара қабылдауды тапсырдым, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы халықтың кредитін төлей алмайтындай жағдайда қалып, қарызға батуына ендігі жол берілмеуі керек деді.

- Бұл жағдай енді қайталанбауы тиіс. Табысы төмен адамдарға несие беруге тыйым салынуы тиіс, - деп қосты Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды