Кредиттер кешірілуі үшін банкке барудың қажеті жоқ

zakon.kz
Басқа-басқа, бұл жерде енді жемқорлық деген нәрсе болмайды.

Тұтынушылық несиелері өшірілуі үшін қазақстандықтарға банктерге барудың қажеті жоқ. Негізгі жұмыстарды банктер өз күшімен атқарады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, халыққа ештеңе істеудің қажеті жоқ, бар жұмысты үкімет пен банктер өздері атқарады.

- Ештеңе істеудің керегі жоқ. Негізгі жұмысты үкімет, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер жүргізеді. Алдымен цифрлар мен тізімдерді анықтап, сосын ақша қарыздарды жабуға бағытталады. Бірақ бұл жұмыстар біраз уақытты алады, - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Басқа-басқа, бұл жерде енді жемқорлық деген нәрсе болмайды екен, өйткені барлық тізімдерді бірнеше орган тексереді.

- Барлық тізімдерді банктер, кредиттік бюро салыстырады. Бізде жеке тұлғалардың қарыздары туралы нақты деректер бар. Ұсынылған азаматтар санаты біздің дерек базамызбен салыстырылып, соңғы тізім жасалады, - деді Смоляков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды