Арыстан Нұр-Сұлтанға жеткізілген екі бала министрдің жеке бақылауында

ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Отадан шыққан кішкентай пациенттің жағдайы өте ауыр. Екіншісінің жағдайы – тұрақты ауыр.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық балалар ауруханасына өзі барып санитарлық авиациямен жеткізілген екі кішкентай науқастың жағдайын көрді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"– №2 қалалық балалар ауруханасында балалардың еміне қажетті барлық жағдай жасалған. Білікті мамандарды шақырдық, мұнда медициналық аппараттар мен дәрі-дәрмек те жеткілікті. Балалардың жағдайы менің жеке бақылауымда болады", – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

2005 және 2011 жылдары туған екі кішкентай науқас Нұр-Сұлтандағы №2 қалалық балалар ауруханасындағы жансақтау бөлімінде жатыр.

Дәрігерлер екі науқастың да бас миы мен көкірегін КТ өткізіп, біреуіне операция жасады.

Отадан шыққан кішкентай пациенттің жағдайы өте ауыр. Екіншісінің жағдайы – тұрақты ауыр.

Денсаулық сақтау министрі аурухана басшысына науқастардың денсаулығына қатысты қандайда бір өзгеріс болса дереу мәлімет беріп отыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды