Павлодар әкімі қымбат жиһаз аламын деп қызметінен айырылып жатыр

Total.kz
Павлодар облысының әкімі Көмпекеевке деген сенімі жойылғанын мәлім етті. Енді қала әкімі міндетін атқаруды Бақауов Ермұрат Нұрхановқа тапсырып отыр.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов әкімдік аппаратының жиынында Павлодар қаласының әкімі Әнуар Көмпекеевке алдында қатаң сөгіс жариялағанын еске алды деп хабарлайды Zakon.kz.

2 шілдеде өткен жиында Болат Бақауов облыс орталығы басшысына алдында бюджет ақшасын оңды-солды жұмсағаны үшін қатаң сөгіс жариялағанын айтты.

Әкім өзіне қымбат үй сатып алған, ол сол үшін сөгіс алған еді алдында. Бірақ оны елемеген Көмпекееев жаңа пәтеріне шетелдің қымбат жиһазын да алдыртыпты. Бұл жайттан хабардар болған облыс әкімі оның ісін Президент әкімшілігіне бағыттауды тапсырды.

Павлодар облысының әкімі Көмпекеевке деген сенімі жойылғанын мәлім етті. Енді қала әкімі міндетін атқаруды Бақауов Ермұрат Нұрхановқа тапсырып отыр.

Өз кезегінде, Павлодар әкімдігі қазіргі уақытта Көмпекеевтің емделіп жатқанын, жұмыс орнында жоқ екенін хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды