Данияр Ақышевтің үстінен қылмыстық іс қозғалды - дереккөз

24 kz
Сайт редакциясы Бас прокуратураға бұл мәліметтің анық-қанықтығын нақтылау үшін өтініш түсірді.

Данияр Ақышевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы телеграм-арнасындағы @kazebitda хабарлады.

Арнаның мәліметінше, тергеу толықтай жүргізіліп, оның аяқталуына аз уақыт қалды.

БЖЗҚ-ның Лондон биржасынан Қазатомөнеркәсіп акцияларын сатып алып, оны KASE-ге қою арқылы саудалауы қылмыстық қудалауға негіздің бірі ретінде алынғаны айтылады.

Тағы бір себебі – теңге бағамымен "ойнауы". Аудиторлар бұл ретте бірнеше заңсыздықтарды байқап, одан жақсы табыс тапқан компанияларды анықтаған.

Сайт редакциясы Бас прокуратураға бұл мәліметтің анық-қанықтығын нақтылау үшін өтініш түсірді. Оның жауабы дереу арада жарияланатын болады.

Данияр Ақышев ҚР Ұлттық банкке 2015 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың ақпан айына дейін басшылық еткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды