Қытай компаниясы қазақтың мыс кенішінен де үлес алды

24 kz
Қытай компаниясымен бұл бағытта келісімшартқа отыру туралы алғаш рет 2018 жылдың шілдесінде жария етілген.

Non Ferrous China (NFC) қытай компаниясы "Көксай" қазақстандық жобасында 19,4% үлеске қол жеткізді деп хабарлайды KAZ Minerals баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Zakon.kz.

Алдын ала келтірілген деректерге сүйенсек, NFC Алматы маңындағы кен орнына 70 млн доллар инвестиция салмақшы.

Еске сала кетелік, мұндай келісімнің қарастырылып жатқандығы туралы алғаш рет 2018 жылдың шілдесінде жарияланған. Ол кезде NFC 70 млн доллар инвестиция бөлетінін, бұл қаражат техникалық-экономикалық негіздемедегі есептердің бәрін қосып алғандағы Көксай кен өндірісін байытуға жұмсалатыны айтылған.

Айта кетсек, China Nonferrous Metal Industry’s Foreign Engineering and Construction Company Ltd ("Non Ferrous China") - акциялары Шэньчжэнь қор биржасына қойылған мемлекеттің басқаруындағы компания. NFC KAZ Minerals-тың Бозшакөл, Ақтоғай және Бозымшақ жобаларында да мердігер компания ретінде қатысқан.

Көксай – бұл Алматыдан 230 шақырымда орналасқан мыс кен орны. Мұндағы минеральды ресурстар көлемі 736 млн тоннаны құрайды. Одан алынатын мыстың көлемі - 3,1 млн тонна.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды