Арыс тағы өртеніп жатыр

Facebook
Өртті сөндіруге 8 арнайы техника мен 55 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

Депо аумағындағы қойма өртенген. Нақтырақ айтқанда, оқыс оқиға депо аумағында орналасқан цехтың бірінде орын алған. Төтенше оқиғаның видеосын Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасына жүктеп, жазба жариялады деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, өртті сөндіруге 8 арнайы техника мен 55 өрт сөндіруші жұмылдырылған.

"Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына дәнекерлеу жұмысы кезіндегі қауіпсіздіктің сақталмауы себеп болуы мүмкін. Адамдарға, айналаға қауіп-қатер төніп тұрған жоқ. Сабыр сақтаңыздар. Жағдай бүтіндей бақылауда", деп жазды ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды