Желіде елді шошытып, жалған ақпарат таратқан әйел кешірім сұрады

видеодан алынды
Жалған ақпаратты әйел "Арыс қаласы" деген топқа жіберген.

Әлеуметтік желілерде «Луна» бомбасы жайлы жалған ақпарат таратқан әйел Арыс тұрғыны боп шықты. Ол өз кінәсін мойындап, көпшіліктен кешірім сұрады, - деп хабарлайды Арыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Zakon.kz.

"Мен Арыс қаласының тұрғыны, Жақсылықова Роза Оспанхановна, 12-15 шілде аралығында WhatsApp желісі арқылы қаладан "Луна" бомбасы шығарылмақшы болып жатқандығы туралы жалған ақпарат тараттым.

Мен бұл хабарламаны сурет қылып "Арыс қаласы" деген топқа жібердім. Сабыр сақтаңыздар! Жалған хабарлама таратқаным үшін кешірім сұраймын", - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды