Байлардың киелі дүниені "сыйлыққа" айналдыруы елдің ашуын туғызды

cosmo.ru
Туған күнге арыстанның аланын сыйлау сәнге айналды. 4 айдан соң "ойыншық" керек болмай қалады - Нұрлан Сыдықов.

Жануар сыйлау дәстүрін тоқтату қажет. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Туған күнге арыстанның аланын сыйлау сәнге айналды. 4 айдан соң "ойыншық" керек болмай қалады. Оны қайда жібереді? Осыдан проблема басталады. Оларды күтіп-бағу керек. Өйтпесе жануар ауыра бастайды. Адамдар жануарларды өзінің жан рақаты немесе пайдасы үшін ұстауды доғаруы керек", - деді Сыдықов Алматы зообағында өткен жиында.

Басқарма басшысы бүгіннен бастап зообақ ешқандай жануарды қолдан әрі құжатсыз қабылдамайтынын жеткізді.

"Құжатсыз, екпесіз, денсаулығы туралы ресми дәйектерсіз ешқандай жануар енді зообаққа қабылданбайды. Бұған дейін біз құжатсыз қабылдамаймыз деген кезде, қанша адам бізге наразылық білдірген болатын. Алайда, біз айыпты болмас үшін енді ешбір жануар тиісті тәртіпсіз алынбайды", - деді Нұрлан Сыдықов.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды