Арыста 1172 үй қалпына келтірілді

primeminister.kz
Барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Арыс қаласында 1172 үй қалпына келтірілді. Құрылыс жұмыстары тағы 4504 жеке тұрғын үй құрылысы мен көпқабатты тұрғын үй нысандарында жүргізілуде, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, қаланы қалпына келтіруге тартылған құрылысшылар саны 6159 мыңнан асты. Қаладағы 17 секторда жалпы саны 197 құрылыс компаниясы, 250 техника жұмыс жасауда.

Сондай-ақ 62 әлеуметтік нысанда жөндеуге 1746 құрылысшы тартылған.

ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың жетекшілігімен үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.

Елбасы мен Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған нысандар 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды