Шымкенттегі бүлдіршін өліміне не себеп болғаны жарияланды

pixabay.com
Бүлдіршін механикалық асфикция салдарынан қайтыс болған.

Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 3 жасар қыздың өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы тағайындалған сараптама қорытындысы қыз баладан зорлық белгілері табылмағанын нақтылаған.

Бүлдіршін механикалық асфикция салдарынан қайтыс болған.

"Қазіргі уақытта барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Сәйкес сараптамалар тағайындалды. Істі прокуратура мен Шымкент қалалық полиция департаментінің басшылығы өз бақылауына алды", - делінген хабарламада.

Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне қарай,ҚР Қылмыстық-процессуальдық кодекстің 201-бабына сәйкес, жария етілмейді.

Айта кетсек, Шымкентте Застенный көшесіндегі қараусыз көлік тұрақтарының бірінен үш жасар қыздың мәйіті табылған болатын. Бала өзі тұратын жатақханадан 500 метр жерден табылған. Ол аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды