Маңғыстау облысында ҰҚК мен ІІМ арнайы операция жүргізіп жатыр

Platon.asia
Олар қаруланған, ұйымшыл әрі қорықпай әрекет етуімен ерекше көзге түседі.

29 шілдеде Маңғыстау облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің жолын кесу үшін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен ҚР ІІМ бірлесе отырып, кең ауқымды арнайы операция жүргізеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде кісі өлтіруге және адам ұрлауға, ақша бопсалауға қатысты базбұзарлар да бар. Олар қаруланған, ұйымшыл әрі қорықпай әрекет етуімен ерекше көзге түседі. Өңір халқының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы операция жүргізуге Ұлттық қауіпсіздік және Ішкі істер органдарының арнайы жасақ күштері мен құралдары тартылды.

Азаматтарды әлеуметтік желілерде тарауы мүмкін арандатушылыққа ермеуге және үрейленбеуге, сондай-ақ заңсыз әрекеттерге бармауға шақырамыз.

Жағдай құқық қорғау органдарының толық бақылауында. Арнайы операцияның қорытындысы жұртшылық назарына кейін жеткізілетін болады",-делінген ҚР Бас прокуратураның хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды