Тоқаевқа мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру турасында есеп берілді

Ақорда
Мемлекет басшысы холдингтің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс, "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасын сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды.

Қазақстан Президенті "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы Айдар Әріпхановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына холдингтің биылғы бірінші жартыжылдықтағы қызметі мен одан әрі даму жоспары туралы мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Президентке "Бәйтерек" холдингінің "Нұрлы жол" және "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламаларын қаржыландыруға қатысуы туралы баяндады. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік жағдайы төмен топтағы азаматтарға арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысы, шағын және орта бизнесті қолдау, елдің экспорттық әлеуетін және "қарапайым заттар" экономикасын дамыту, Қазақстанның Даму Банкі желісі бойынша ірі жобаларды жүзеге асыру жөніндегі холдингтің атқарған жұмыстары туралы мағлұмат берілді.

Мемлекет басшысы холдингтің негізгі басымдықтарының бірі болуға тиіс, "Бақытты отбасы" тұрғын үй бағдарламасын сапалы іске асырудың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Президент шағын және орта бизнесті дамыту бойынша холдингтің қызметін жандандыруды тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды