"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысына халықаралық іздеу жарияланды

today.kz
Оны Интерпол іздеп жатыр.

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға халықаралық іздеу жарияланды деп мәлімдеді осы компанияның қазіргі басшысы Бекмырза Игенбердинов, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Арданның үстінен қылмыстық іс қозғаған еді. Оны қамауға алу туралы сырттай сот шешімі де бар. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазір Интерпол осы мәселемен айналысып жатыр, - деді Бекмырза Игенбердинов.

Айта кетсек, Ардан 2017 жылы шілдеде қызметінен босатылған. Тергеушілер "Астана LRT" ЖШС бюджетінен мердігер компанияның шотына 300 млн теңге аударылғанын айтқан. Ал бұл арадағы лимит 125 млн теңге болған. Сондықтан компания тексеру жүргізген. Бұл оқиға 2014 жылы орын алған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды