Алматыда тағы 700-ден астам "Сергек" камералары орнатылмақ

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Олардың 400-і қиылыстарға, ал 307-сі жол жиегіндегі желі учаскелеріне ілінеді.

Алматыда "Vision Zero Almaty" концепциясы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары іске асуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша мегаполисте жыл аяғына дейін "Сергек" фото-видеофиксациясының тағы 707 постысы қосымша орнатылады.

Олардың 400-і қиылыстарға, ал 307-сі жол жиегіндегі желі учаскелеріне ілінеді.

Бұл жүйе жылдамдықтың артуын, қызыл жарықтан өтіп кетуді, тұру-тоқтау желісін ескермеуді және автобус жолағымен жүруді бірден суретке түсіреді.

Бұдан өзге, жаңа технологияны пайдалану қылмыстың ізін суытпай, "жедел ашуға" ықпал етеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды