Қырымда Украина туы көкке көтерілді

Facebook
Оның айтуынша, туды Судак қаласындағы Украина патриоттары 6 тамызда Донбаста мерт болған 4 әскериге құрмет көрсету үшін көтерген.

Қырымда Украина туы көкке көтерілді деп Херсон облыстық мемлекеттік әкімшілігі төрағасының кеңесшісі Богдан Ковалев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Lenta.ru.

Оның айтуынша, туды Судак қаласындағы Украина патриоттары 6 тамызда Донбаста мерт болған 4 әскериге құрмет көрсету үшін көтерген.

Бұған дейін Донбастағы Біріккен күштер операциясының Украина штаб-пәтері өзін Донецк халық республикасы (ДХР) деп жариялағандардың қарулы күштері атқылауы салдарынан төрт украин десантының қайтыс болғандығыхабарланған болатын. Бұл оқиға Украина Президенті Владимир Зеленскийдің Ресей мен Франциядағы әріптестері Владимир Путин мен Эмануэль Макронға қоңырау шалуына себеп болды.

Бірақ ДХР өздерінің украиналық әскерилердің өліміне қатысын жоққа шығарды. Олардың мәліметінше, украин әскерилері оқ-дәрілерді ұқыпсыз ұстағандықтан қаза болған.

2014 жылғы наурызда өткен референдум нәтижелері бойынша Қырым Ресей құрамына енген болатын. Бірақ Украина мұны басқыншылық деп есептеп, референдумды мойындамайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды