Нұртілеу Иманғалиұлы телевидениеге оралды!

видеодан алынды
Сүйінші хабарды таяуда ғана сенатор болып тағайындалған тележүргізуші Дана Нұржігіт жеткізді.

Қазақ телевизиясызының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы Qazaqstan арнасынан шығатын жаңа бағдарламаны қолға алды. Сүйінші хабарды тележүргізуші Дана Нұржігіт өзінің İnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ұлттық арнадағы жаңа маусымға дайындық. Әріптестеріммен шүйіркелесіп, қуана қауышып жатырмын. Ең үлкен жаңалық: қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы арнамызда өзінің жеке хабарын ашты. Іске сәт!», - деп жазды Дана Нұржігіт.

Желі қолданушылары Иманғалиұлына бір ауыздан сәттілік тілеп жатыр.

Айта кетейік, танымал тележүргізуші ұлттық арнада "Жас жігер", "Көзқарас", "Алтыбақан", "Айна", "Заң мен заман", "Ақиқат пен аңыз", "Дидар", "Жастар дауысы", "Арай", "Көкпар", "Ой-көкпар", "Бетпе-бет", "Дін мен діл", "Арнайы репортаж", "Діңгек", "Қолтаңба" және тағы басқа бағдарламаларды жүргізген болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды