Ақордада Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы талқыланды

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ, әлем экономикасының дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды