Жол полициясына "қызыл таяғын" қайтарып беретін болды

kapital.kz
Министрлік таратқан ақпаратта «қызыл таяқты» (жезл) қайтару тек жол қозғалысын реттеу үшін қажет екені айтылған.

ҚР Ішкі істер министрлігі жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне "қызыл таяқты" (жезл) қайтаруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Азаматтардың келіп түскен өтініштеріне байланысты және жол қозғалысына қатысушылардың реттеуші полицейдің әрекеттерін қабылдауын жақсарту, әсіресе қараңғы және түнгі уақыттарда, сондай-ақ жол қозғалысын реттеуші полицейді қағып кету оқиғаларының алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігі патрульдік полиция қызметкерлерінің алатаяқты (жезл) пайдалану тәжірибесіне қайта енгізуді ұсынады", - делінген аталған ведомство таратқан ақпаратта.

Бұл ретте министрлік алатаяқтарды тек қана жол қозғалысын реттеуді жүзеге асыру үшін пайдалануды ұсынып отыр. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғалары мен кептелістер кезінде көлік құралдарын бұру үшін, бағдаршамдардың ақаулығы немесе болмауы, ауа райының нашарлауы және автожолдарда нашар көріну және басқа да қажетті жағдайларда ғана ала таяқты қолдануға болады деп санайды.

Ал көлікті тоқтату үшін ала таяқты пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салу қажет деп есептейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды