Түркістан облысы медициналық сақтандыру жағдайында жұмыс істеуге дайындықты пысықтады

zakon.kz
Түркістан облысында медициналық қызметтердің 74 жеткізушісі медициналық сақтандыру қорымен келісім шарт жасасқан.

Әлеуметтік медсақтандыру жүйесінде аймақтық медицина жұмысын жүйелеу үшін ІТ саласында тындырымды жұмыс қажет.

2019 жылдың 21 тамызында Түркістанда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма төрағасының орынбасары Эрик Байжүнісовтың қатысуымен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті.

Түркістан облысында медициналық қызметтердің 74 жеткізушісі медициналық сақтандыру қорымен келісім шарт жасасқан, яғни, олар МӘМС жүйесінде жұмыс істеуге дайын. Бұл – өңірдің медициналық мекемелерінің 90% - ын құрайды.

Облыс тұрғындары МӘМС-тің енгізілуіне байланысты өзгерістер жайында жақсы ақпараттанған. Алайда, медициналық сақтандыру шеңберінде қанағаттанарлық жүйелі жұмыс жүргізу үшін өңірлік медициналық мекемелерді цифрландыруға байланысты мәселелерді ретке келтіру қажет.

Мәселен, түркістандық медициналық ұйымдардың тек 67%-ы ғана Интернетті еркін қолдана алады. Өңірлік билік өкілдері осы мәселені жыл соңына дейін шешуге ықпал етпек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды