Семейде қоғамдық екі әжетхана құны 18 млн теңгеге бағаланды

24.kz
Кала аумағында әзірге бір ғана тегін әжетхана бар. Оның өзі Ертіс өзенінің жағасында тұр.

Семейдің көшелерінде жалпы құны 18 млн теңге болатын екі әжетхана пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Шаһар басшылығы оларды адам көп жүретін қоғамдық орындарға қоймақшы. Заманауи үлгідегі дәретханалар салынған жағдайда оларды қолдану ақылы болады. Алайда бағасы әзірге белгісіз. Жауапты мамандар бұл нысандарда жылу жүйесі болатынын айтып отыр. Яғни қысы-жазы қолданысқа жарамды.

Айта кету керек, қала аумағында әзірге бір ғана тегін әжетхана бар. Оның өзі Ертіс өзенінің жағасында тұр.

Асан Дүйсембаев, қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Бұл жобалар жуық арада павильон түрінде жүзеге асуы мүмкін. Мұнда дәретхана және қызметшілерге арналған екі есік болады. Әжетханалардың оң және сол бөлігі мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін арнайы сантехникамен жарақтанған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды