Әйел баласын компьютерлік ойын үшін өлтіріп тастады

regnum.ru
Ленинград облысында сот компьютерлік ойын ойнағаны үшін өзінің төрт жасар баласын ұрып өлтірген жергілікті тұрғынға жаза кесті, деп хабарлайды Zakon.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің (ТФР) аймақтық сайтында жарияланды. 38 жастағы әйелге Қылмыстық кодекстің 111 (4) тармақшасы ("Абайсыздық салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша айып тағылған. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу мәліметтері бойынша, қылмыс Барышево ауылының бір көшесінде орналасқан пәтерде жасалған. Мас күйінде болған әйел мен оның баласы арасында жанжал туындаған, анасы баланың басына және денесінің басқа бөліктеріне кем дегенде 10 рет соққы берген. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды