Нұр-Сұлтан қаласында Түркістандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші, 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарып отыр.

ҚР Конституция күніне орай, 31 тамыз және 1 қырқүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты дәстүрге айналған Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Шараға Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

Жәрмеңкеге "Қазақстанда жасалған" жобасы аясында Жетісай ауданынан "Улугбек" ЖК аяқ киім өнімдерін, Төлеби ауданы "Ленгер Текстиль" ЖШС-і арнайы жұмыс киімдерін, Сайрам ауданы "Алтын адам"ЖШС-і ерлер костюмдері мен мектеп киімдерін қала тұрғындарына қол жетімді бағада ұсынылуда.

Жәрмеңкеге 39 тауарөндіруші, 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарып отыр. Олардың жалпы құны 123 млн 545 мың теңгені құрады. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 % төмен бағада ұсынылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды