Қытай елшісі Қазақстанда өтіп жатқан митингтерге қатысты пікір білдірді

Almaty.tv
Чжан Сяо Қазақстанда қытай кәсіпорындарын салуға қарсы өтіп жатқан митингтерге қатысты пікір білдірді.

Қазақстанда қытай кәсіпорындарын салуға қарсы өтіп жатқан митингтерге қатысты Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Қытай дипломаты наразылық білдірушілер текке үрейленіп, босқа күдіктенеді деп санайды. Оның сөзіне қарағанда, екі мемлекет басшыларының кездесуі қарсаңында болған бұл наразылықтар осы маңызды оқиғаға бағытталған арандатушылық іспетті.

- Наразылық білдірушілердің артында Қытайға және біздің екіжақты қарым-қатынасымыздың дамуына селкеу түсіруді мақсат ететін қандай да бір күштер тұр деп болжанады. Солар араға от салу үшін жергілікті халықтың көңіл-күйін бұзып, наразылыққа итермелеуде деп топшылаймыз. Бары осы, басқа түк емес. Мен айтар едім, олардың бұл әрекетінен түк шықпайды, өйткені ол геосаяси теріс пиғылды мүдделерден туындауда, - деді Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшісі Чжан Сяо.

Оқи отырыңыз: "Қытайлар қаптайды" деп шулағандарға министрлік егжей-тегжейлі түсініктеме берді

Тағы да: Қытай келмесін. Жаңаөзенде ірі митинг өтіп жатыр

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды